Қостанай облысында биыл шегірткеге қарсы 775 мың гектар жер өңделеді. Соның 89 пайызы аймақтың оңтүстігіндегі 5 ауданға тиесілі. Дәл қазір итальяндық прус тұқымына қарсы дәрілеу жұмыстары Амангелді ауданында жүргізіліп жатыр. Бұл аумақтағы 750 гектар алқапта зиянкес көбейе бастаған.
Арман Әбенов, Облыс Әкімінің Орынбасары:
Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы фитосанитарлық жұмыстарды жүргізуге облыс бюджетінен 54, 9 млн теңге бөлінді. Облыс бойынша қажетті іс -шараның бәрі өткізіліп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек