Жамбыл облысы Жуалы ауданында да түлектер мінген көлік аударылып, рөлде болған 21 жастағы студент қыз көз жұмды. Жарақат алған мектеп бітіруші түлек пен 10-шы сынып оқушысы, тағы бір 20 жастағы жолаушының жағдайы ауыр. Үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.
Толқын Өмірбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз бөлімінің басшысы:2007 жылғы пациенттің бүгінгі таңда жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде. Түрлі күрделі жарақаттар алған. Қалған екі пациент хирургия бөлімінде жатыр, жағдайлары орта ауыр деңгейде. Екеуінде де бас-ми шайқалуы, көгеру мен түрлі гематома, жалпы түрлі жарақаттар анықталған.
Ал, Маңғыстаудың Бейнеу ауданында соңғы қоңырау күні жаппай төбелескен түлектерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан 47 оқушы тергеліп жатыр. Сондай-ақ, облыс бойынша түлектер мінген 104 автокөлік айып тұрағына жабылды. Көлік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.
Аягөз Оралбайқызы