Көлік өндірісі 8% артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік өндірісі 8% артты

27.05.2024

Ал көлік саудасы керісінше бәсеңдеген. Бірақ соған қарамастан, өндіріс көлемі артып келеді. Елімізде биыл төрт айда 600 миллиард теңгеге 47 мыңдай машина шығарылған. Оның басым бөлігі жеңіл көлік. Былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда өндіріс көлемі 8 процентке артқан. Десе де, сауда көлемі көңіл көншітпейді. Автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елде құрастырылған машиналарға сұраныс төмендеп барады. Бұған қытайлық арзан машиналардың көптеп әкелінуі себеп. Сол үшін де диллерлер жеңілдік жасап, бағаларды арзандатуға көшкен.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу