Елімізде түрлі маркетплейстерде жасалатын сауда көлемі артып барады. Былтыр қазақстандықтар түрлі коммерциялық сайттардан 1 триллион 800 миллиард теңгеге тауар сатып алған. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 60 пайызға артық. Онлайн саудаға жұмсалған қаржы көлемі республикалық бюджеттен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына бөлінген қаражатпен тең. Ал маркетплейстерде әрбір төртінші теңгеге смартфон немесе өзге де гаджеттер сатып алынған. Бұдан бөлек киім, аяқ киім мен түрлі спорттық тауарларды сатып алушылар да көп.
Досжан Маратұлы