АҚШ-та алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты

27.05.2024

АҚШ-тың Арканзас, Техас, Оклахома штаттарында алапат дауыл мен торнадо салдарынан 18 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған. Біраз үй жермен-жексен болып, ағаштар құлап, жолдар жабылды. Автомашиналар аударылып, электр сымдары үзіліп, 3 штатта 200 мыңдай үй жарықсыз қалды. Қазір зардап шеккен аудандарда іздеу-құтқару және қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктер Миссури, Иллинойс, Кентукки, Теннесси штаттарына да қатты дауыл болатынын хабарлады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу