Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бруцеллез анықталды

27.05.2024

Қарағанды облысының 9 ауылында ірі қарадан бурцеллез анықталды. Осыған байланысты 5 ауданда санитарлық шектеу жарияланды.

Жандос Бақытұлы, тілші:

Бруцеллез адамға да жұғуы мүмкін деген күдікпен жергілікті медицина қызметкерлері қазір мал иелерінің денсаулығын тексеруде. Шектеулер Шет, Қарқаралы, Нұра және Абай аудандарында жарияланған болатын, бұл тізімге енді Осакаров ауданы да қосылды. Зертхана мамандары ірі қараны сойып, патологиялық сынама алған. Қорытындысы бойынша індет расталды. Барлығы 18 сиыр сойылды. Келтірілген шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі. Қазір елдімекендерде малдың етін сүтін саудалауға, ауыл сыртынан сыртқа шығаруға тыйым салынды. Өзге де ақпараттарды алдағы хабарымызда тақрататын боламын.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу