Қазақстан мектептерінде қазақ тілінен жаңа емтихан басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мектептерінде қазақ тілінен жаңа емтихан басталды

27.05.2024

Қазақстан мектептерінде қазақ тілінен жаңа емтихан басталды. Биыл енгізілген өзгеріске сай сынақтан 5-ші және 8-ші, сонымен қатар, 10 сынып оқушылары өтеді. Емтихан 31 мамырға дейін жалғасады. Ол жазбаша және ауызша түрде өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу секілді дағдылар бағаланады. Мәселен, нөлден 11-ге дейін төмен ұпай. Бұл кезде оқушы емтиханды қайта тапсырады. 12-ден 18-ге дейін орташа, 19-бен 24-тің аралығы жақсы, ал 25 пен 30 ұпай өте жақсы көрсеткіш дегенді білдіреді.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу