Бүгін Астанада «Дара бала» мегажобасының кастингі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада «Дара бала» мегажобасының кастингі өтті

25.05.2024

«Ұлттық арна» дарынды ұландарды көрерменге паш етеді. Қазір осы мақсатта «Дара бала» мегажобасының кастингі бас қалада жалғасып жатыр.

Іріктеуге онлайн да қатысуға болады. Талап бойынша 3 пен 12 жас аралығындағы балғындар өздерінің білім, ғылым, өнерге деген қабілетін көрсетуі тиіс. Бүгінге дейін еліміздің әр өңірінен 1000-ға жуық өтінім түскен. Мегажоба көпшілік назарына күзде ұсынылады. Бағдарлама бас-аяғы 150-ге жуық баланы қамтиды.

Астанадағы кастинг Қазмедиа орталығында ертең де жалғасады.


Хабарламаларға жазылу