Премьер-Министр Олжас Бектенов Түрікменстанда өткен ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Ашхабадта Олжас Бектеновті Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қабылдады. Екі ел арасындағы тауар айналымы бір жылда 28%-ға артып, 563 млн долларды құраған. Биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өзара сауда айналымы 105 млн долларға жетті. Премьер-Министрлер бас қосқан жиында достастықтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Кездесу нәтижесінде түрлі салалардағы интеграциялық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған құжаттар топтамасы қабылданды. Үкіметтер басшылары экономикалық ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:Біз экономикалық тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз етуге қол жеткізуге, елдің берік «өнеркәсіптік негізін» құруға, маңызды инфрақұрылымды жаңартуға, агроөнеркәсіп кешенін қайта жүктеуге және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға мүдделіміз. Аталған мақсаттарды толыққанды іске асыру үшін біз негізгі серіктестерімізбен ынтымақтастығымызды нығайту маңызды екеніне сенімдіміз.
Самал Қабышева