Ақтауда мерзімді сарбаздарға білім гранттары табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мерзімді сарбаздарға білім гранттары табысталды

24.05.2024

Маңғыстауда 8 мерзімді сарбаз білім грантын иеленді.

Жауынгерлер әскери борышын аяқтаған. Енді, олар өздері таңдаған жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Грант иегерлерін іріктеу кезінде, жауынгерлік даярлық деңгейі, тәртібі және психологиялық мәртебесі ескерілген. Дәл осындай білім гранттарын былтыр тек 3 сарбаз алған еді. Әскери қызметін өтеген жастардың тегін білім алуы, Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Заң аясында, сарбаздарға жоғары оқу орындарында оқу үшін, арнайы орындар бөлінеді.

Бағлан Амантаев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

Мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрген кезде осындай бағдарлама бар екенін бізге офицер мырзалар мен әскери қызметшілер айтқан болатын. Ол бізге одан сайын алға қарай ұмтылуға қадам болды. Сондықтан да біз әскери қызмет барысында өзімізді максималды түрде көрсетіп, осындай жеңілдікке ие болып отырмыз.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу