Николай Гогольдің повесі желісінде жазылған Дмитрий Шостаковичтің «Нос» операсы бүгін тұңғыш рет Лондондағы Королевский опера және балет театры сахнасында қойылады. Бұл австралиялық режиссер Барри Коскидің жаңа қойылымы және аталмыш шығарма Ковент-Гарденде автор үшін дебют болмақ.
Сатиралық «Нос» операсына арналған либреттоны Шостакович толығымен өзі жазып шыққан деуге болады. Бірінші актідегі қойылымның бірі Евгений Замяткиндікі, ал, үшінші актіні Шостакович Александр Прейс және Георгий Ионинмен бірлесіп жазған.
Мәтіннен Гоголь мен Достоевский шығармаларындағы бірқатар сөз тіркестерін кездестіруге болады.