Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келе жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездескен «Rhenus Group» неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц айтты. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары сөз болды. Тобиас Бартц терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді. Ал Премьер-министр көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты.
Асылбек Данияр