Шымкентте қаржы бөлінгенімен 48 көшеде жөндеу жұмысы басталмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қаржы бөлінгенімен 48 көшеде жөндеу жұмысы басталмады

24.05.2024

Шымкент қаласында 48 көшенің жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Оны атқаратын мердігер компаниялар анықталғанымен құрылыс әлі басталмады.

Жыл басында бұл жолдарды күтіп ұстау үшін қазынадан 84 миллион теңге бөлінген. Алайда әзірге жолды жөндеуге кіріскен ешкім болмай тұр. Осы жәйтті анықтаған прокуратура құрылысқа бақылау мен қадағалаудың болмағанын айтады. Сол үшін Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының орынбасары әкімшілік жауапкерлікке тартылды. Ал жұмысты дер кезінде қолға алмаған мердігерлерге айыппұл салынып, кемшіліктерді бір айдың ішінде қалпына келтіру туралы нұсқама берілді.

Нұрбол Ілесов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Наурыз, сәуір айларында ауа райы қолайсыз болуына байланысты тиісті жұмыстарды өз деңгейінде жүргізе алмадық. Енді осы мамыр айынан бастап бізде толыққанды жұмысқа көшіп отырмыз. Сондықтан алдағы уақытта бізде олардың жұмыс қарқыны, белсенділігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақыланып отырады.

Ғани Қалмахан


Хабарламаларға жазылу