ШЫҰ делегаттары олимпиадалық даярлау орталығын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ делегаттары олимпиадалық даярлау орталығын аралады

23.05.2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» спорт кешенінің жұмысымен танысты. ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналатын инфрақұрылым халықаралық стандарттарға сай салынған. Мұнда спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалары даярланады. Шара аясында туризм және спорт министрі мен қонақтар орталық аумағында ағаш отырғызды.

Гао Чжидань, ҚХР Бас мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:
Бүгін Қазақстанда жаңадан салынған спорт нысанын аралап көрдік. Көңілімізден шықты. Бұл орталықта ел спортының дамуына барлық мүмкіндік жасалған екен. Осы жерде жаттыққан спортшылар әлемдік спорт аренасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел намысын қолдан бермейді деп сенеміз. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу