Бір жылда баға 6,3 пайызға өскен. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, күріш 19, жеміс-жидек 16, жұмыртқа 14, нан 10 және сүттің бағасы 9 пайызға көтерілген. Сонымен бірге дәрі-дәрмек 11 пайызға, жиһаз бен құрылыс материалдары 6-10 пайызға қымбаттады. Бағаның өсуі, әсіресе, Ұлытау, Алматы және Жетісу облыстарында байқалады. Сарапшылар мұны инфляцияның әсері деп отыр. Дегенмен ол жыл басынан бері 9,5 пайыздан 8,7 пайызға төмендеген.
Айя Мүтәлі