Сингапур барлық саласын түгел цифрландырып, соның жемісін көріп отырған ел. Осы цифрлық бағытта Қазақстанмен арада бірнеше серіктестік жоба бар. Сарапшылар Қазақстан Президентінің сапарынан кейін екі ел арасындағы алыс-беріс пен қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріледі, - дейді.
Ерсұлтан Жансейітов, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:Біз Сингапур үшін Орталық Азияға терезе болып тұрмыз. ОА-дағы ең үлкен экономика Қазақстанда. Қалған төрт елдің экономикасын қосқанда Қазақстан экономикасының 60 пайызы. Сол үшін біз арқылы Сингапур ОА-ға кіреді. ЕАЭС нарығына да кіре алады. Ал Сингапур бізге АСЕАН-ның нарығына есік ашып тұр. АСЕАН-ның нарығы қазір дүниежүзінде №1 деп айтсақ болады даму жағынан. 800 млн-нан көп халық бар.
Ғабит Ұзақбай