«Ұлы дала жорығы – 2024»: Шешуші кезең таяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы дала жорығы – 2024»: Шешуші кезең таяды

23.05.2024

Павлодар облысынан бастау алған «Ұлы дала жорығының» соңғы шешуші күндері таяды. Шабандоздар, Кереку аймағының 300 шақырымын артқа тастап, Ақмола облысына табан тіреді. Жалпы есепте Жетісу облысының командасы жеке дара көш бастаса, оларды Маңғыстаудың «Көкмойнағы» өкшелеп келеді. Жоламандағы 400 шақырымдық мәреге таяған тұста, командалар жылдамдықты үдетті. Себебі осы айналымдағы тіркелген үздік нәтиже, жалпы есептегі көрсеткішті жақсартуға ықпал етеді.

Аламанда ветеринарлардың шешімімен жарыстан шеттетілген Павлодар облысының командасы әлі жорықта жүр. Олар жүлде алмаса да, соңына дейін мәреге жетіп, өз мықтылықтарын дәлелдемек.

Батырбек Қошқарбаев, Павлодар облысының команда жетекшісі:

Енді нақты себебін білмейміз. Сол кезде шын ақсап тұрды, 250 шақырымда. Шағарып тастаған соң 150 шақырым өтті. Бірақ сол уақытта дәрігерден өте алмадық. Бірақ біздің мақсат жеңіс емес, біз үшін мәреге жету жеңіс. Өйткені үш жылда біз мәреге жете алмадық. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу