Сербияда дауыл соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауып, су тасыды. Ал оңтүстік-батыстағы Пазар қаласында төтенше жағдай жарияланды. Ел астанасы Белградта да топан су болып, қатты жел соқты. Дауыл мен ірі бұршақтан Балқандағы Босния, Хорватия, Косово да зардап шекті.