«Дара бала» мегажобасына кастинг жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара бала» мегажобасына кастинг жалғасып жатыр

23.05.2024

«Дара бала» мегажобасына кастинг жалғасып жатыр. «Қазақстан» және «Балапан» телеарналарында көрсетілетін жаңа жобаға 3-12 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Онда бүлдіршіндердің білім, ғылым, өнер, спортқа деген ынтасы мен айрықша қабілеті сыналады. Бағдарламаға қатысу үшін balapan.tv сайты арқылы 31 мамырға дейін онлайн өтінім жолдауға болады.

Ал Астана қаласында кастинг 25-26 мамыр күндері сағат 11.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу