Ұлттық банк жаңа банкноттар сериясын шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк жаңа банкноттар сериясын шығара бастады

23.05.2024

Ұлттық Банк «Сақ стиліндегі» жаңа 10 мың теңгелік банкнотты жаздан бастап қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр. Алайда, банк басшылығы дәл қазір айналымда жүрген купюраның пайдалану мерзімін шектемейтінін айтты. Кез келген уақытта ауыстырып алуға болады.

Естеріңізге салайық, жаңа дизайндағы 5 000 теңгелік банкноттар, бес ай бұрын айналымға енген еді. Бұл – «Сақ стилі» сериясымен шыққан алғашқы ақшалар.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу