Алматы облысында Талғар өзені арқылы өтетін көпір жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында Талғар өзені арқылы өтетін көпір жабылды

23.05.2024

Алматы облысында Талғар өзені арқылы өтетін көпір жабылды. Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бұл өзен суының күрт көтеріліп, көпірдің құлау қаупіне байланысты қабылданған шара. Тексеріс кезінде судың шөгуі, көпірге жақын жерлердегі беткейлерде топырақтың үстіңгі қабатының босап, желінуі анықталған.

Қазір мамандар сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әкімдіктің ресми мәліметінше, көпірде көлік қозғалысы шектелген. Алайда Құлжа тас жолының айналма жолы мен Талғар-Есік-Бәйдібек тас жолы толығымен жұмыс істеп тұр. 

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу