Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде 117 ел ішінде 52-ші орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде 117 ел ішінде 52-ші орында

22.05.2024

Қазақстан туризмнің әлемдік рейтингінде 117 ел арасынан 52-ші орынды иеленді. Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізген зерттеуге сүйенсек, еліміз Орталық Азиядағы Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерін басып озған. Онда Қазақстандағы баға саясатын, бәсекеге қабілеттілігі мен туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсерін жоғары бағалаған. Елімізге былтыр 4,5 млн турист келгенін, одан бюджетке 1,5 млрд доллар түскенін де жазған.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу