Кейбір кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталмақ

22.05.2024

Ал еліміздегі кейбір кәсіпкерлер үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталады. Енді кредитті заңсыз алған немесе мақсатсыз пайдаланғандар, бухгалтерлік жалған есеп бергендер түрмеге қамалмайды. Оларға қомақты айыппұл салынады. Мәжіліс кәсіпкерлер құқығын қорғауға бағытталған заң жобасын қабылдады. Депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл түзетулер бизнес жүргізуді әділ әрі қолайлы ету, кәсіпкерлердің шығынға ұшырауына жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр.

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Банк пен несие алушының арасындағы қарым-қатынас. Осы жерде бір теңсіздік бар. Егер банк кәсіпкердің құқығын бұзатын болса, бұл азаматтық құқықтық қарым-қатынас. Ал егер кәсіпкер шарттық міндеттемелерін орындамайтын болса, онда ол қылмыс болып есептеледі де, оған міндетті түрде құқық қорғау органдары араласып, солар тергейді. Бұл - әділетсіздік. 

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу