Қ. Боранбаев 134 млрд теңгеден астам қаражат қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ. Боранбаев 134 млрд теңгеден астам қаражат қайтарды

22.05.2024

Бизнесмен Қайрат Боранбаев ел Үкіметіне 134 млрд теңгеден астам қаражат қайтарған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 120 млрд теңгенің активін кәсіпкер өз еркімен қайтарса, 14,5 млрд теңге сот арқылы өндірілген. Бірақ, бұл сома өсуі мүмкін. Себебі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Кәсіпкер бюджет қаржысын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен тергеліп жатыр.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу