Қазақстан мен Сингапур арасындағы алыс-беріс қайта артып келеді. Пандемия кезінде сәл бәсеңдеген сауда былтыр қайта жанданып, көлемі 1 миллиард 600 миллион долларға жетті. Оның басым бөлігі яғни, бір миллиард 500 миллионнан астамы экспорт. Қалғаны импорт. Біз Сингапурға негізінен шикізат: мұнай мен металл сатамыз. Химиялық және фармацевтикалық препараттар мен компьютер бөлшектерін импорттаймыз. Қазақстан Сингапурдың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналады. Екі ел қатынастары қазір жаңа қарқынмен дамып келеді.
Досжан Маратұлы