Вандализм жасағандар 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вандализм жасағандар 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады

22.05.2024

Вандализм жасағандар 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Бүгін Мәжілісте вандализмге қатысты жауапкершілікті қатаңдату бойынша заң қабылданды. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда осы тәртіп бұзушылықпен күресу қажеттігі туралы айтқан болатын. Жаңа заңдағы баптың екінші бөлігі бойынша, 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 300 сағаттан 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не болмаса дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Кейбір азаматтар қоғамдық орындарды қалай ластап жүрді әлі де солай жалғастырып жатыр. Сол себепті де, депутаттар заңға бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл заң жобасы заң бұзушылықтардың алдын алуға және оны анықтауға оң ықпал етеді деп есептейміз.

Коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 аек айыппұл салынады

Сондай-ақ, енді белгіленбеген жерде коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Яғни, «ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша заңбұзушылықтар үшін жаза екі есеге ұлғайтылды. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады, ал бір жыл ішінде екінші рет қайталағанса айыппұл да екі еселенеді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу