Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданы көктемгі қарғын суды егістікке пайдаланып жатыр. Ол үшін биыл қосымша каналдар қазылып, шлюздер мен көпірлер салынды. Нәтижесінде 40-50 жыл су бармай табаны тартыла бастаған шағын көлдер биыл кемеріне жетті. Ең негізгісі канал мен көлге толған көлемді судың пайдасын дихандар көріп жатыр.
Арындап аққан ағынның арқасында талай жыл аңқасы кепкен алқаптарда биыл су өте мол. Енді осы мол суды пайдалану үшін аудандағы шаруалар ерте көктемнен бері кетпен-күрегін алып канал жағалап жүр.
Манап Ахмәдиев, Көкжал Барақ ауылының тұрғыны:
Бір жылдары анау көмейді су алып кетіп болмай қалаған. Екі жыл. Одан кейін көмейді жөндедік. Биыл енді наурыздан бері, осы ауыл болып, халық болып, жиналып көмейді жөндеп, судың жағасындамыз.
Күршім өзенінің бойына салынған Мойнақ бөгетінен бөлініп шыққан су каналдар арқылы егістікке жайылады. 1960-жылдары салынған ол каналдар мен шлюздердің көбі ескі.
Олжас Керейхан, тілші:
Осы маңдағы 5 ауылдың халқы бау –бақшасы егініне және малымен жаны осы Жауғашты каналынан су алып отыр. Былтыр каналдағы судың деңгейі қазіргіден әлдеқайда төмен болған. Соның өзінде өткен жылы жазда 5 мың гектар жер суарылған. Ал қазір каналдың бір тармағынан секундына 2-2,5 текше метр су түсіп жатыр.
Каналдан келіп жатқан судың пайдасын көріп жүрген шаруаның бірі-Марат Шүпенов. Ол жыл сайын 5-6 гектар жерге көкөністің бірнеше түрін егеді.
Марат Шүпенов, кәсіпкер:
Каналрадың бәрін тазалаған дұрыс.Бірақ оны уақытында тазалау керек. Біріншіден. Екіншіден мына артық кетіп жатқан судың бәрін түгел соның бәрін ақырындап каналдарға жинап, әлде су қоймаларға жинап қолайлы пайдаланса, дұрыс болады деп ойлаймын.
Былтырдан бастап су каналдары Күршім ауданы әкімдігінің коммуналдық қарамағына өтті. Сондықтан биыл Тораңғы көліне дейінгі 27 шақырым каналдың 4 шақырым жөнделді. Қосымша шльюздер мен бірінше көпір салынды. Нәтижесінде табаны тартыла бастаған Тораңғы, Бұрмакөл, Кенжебай көлдері қайты толды. Аңқасы кепкен егіс алқаптарына да су жетті.
Мейіржан Әлібеков, Күршім ауданы әкімінің орынбасары:
Бізде жердің балванитеті мына басқа аудандарға қарағанда өте жоғары емес. Сондықтан біз суармалы каналға былайша айтқанда мұқтаж десек те болады. Сол орайда осы каналдың пайдасы өте зор. Канал тартылды. Қазіргі уақытта енді су бар. Жерді алған азаматтар егінді егу керек?! Негізгі жұмыс осы.
Ауданда 22 мың гектарға жуық егіс алқабы бар. Оның 90 пайызы суармалы. Сондықтан шаруалар қарғын судың да пайдасын көріп жатыр.
Олжас Керейхан