Ұлыбританияда 20 жыл бойы мыңдаған адамға инфекция жұқтырғандардың қаны құйылып келкен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда 20 жыл бойы мыңдаған адамға инфекция жұқтырғандардың қаны құйылып келкен

22.05.2024

Ұлыбритания медицинасының тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. 20 жыл бойы мыңдаған адамға АИТВ инфекциясы мен С гепатитін жұқтырғандардың қаны құйылып келген. Донорлардың қатарында жазасын өтеп жатқандар, есірткі қолданушылар және жезөкшелер болған. 30 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, 3 мыңы бақилық болған. Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің өкілдері мен үкімет мүшелері жылдар бойы шындықты жасырып, жәбірленушілерге өтемақы төлеуден және істі тергеуден бас тартып келген. Енді билік өкілдері қателігін мойындап, кешірім сұрады.

Риши Сунак, Ұлыбритания премьер-министрі:

Бұл Ұлыбритания мемлекеті масқара болған күн. Тергеу нәтижесі ондаған жылдар бойы моральдық тұрғыда күйрегенімізді көрсетеді. Құрбандарға және олардың отбасыларына өтемақы ретінде бюджеттен 10 миллиард стерлинг фунты бөлінеді.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу