АҚШ-тың Айова штатында 60 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Айова штатында 60 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

22.05.2024

АҚШ-тың Айова штатында сұрапыл құйын көтерілді. Ондаған адам жараланды. Зардап шеккендер дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Құйын электр бағандарын және жел турбиналарын істен шығарды. 60 мыңнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Ал Небраска штатында күшті жел тұрып, су тасқыны жүрді. Бұршақ та жауған. АҚШ-тың ұлттық ауа райы қызметі елдің орталық батыстағы штаттарында тағы құйын көтеріліп, күн күркіреуі мүмкін екенін ескертті.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу