Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің шығыны толықтай өтеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында кәсіпкерлердің шығыны толықтай өтеледі

21.05.2024

Ақтөбе облысында су тасқынынан 79 кәсіпкерлік нысанға залал келген. Бұл бизнес субьектілерінің көбі Ақтөбе қаласында орналасқан. Оның ішінде демалыс базалары, жеке мектептер мен медициналық орталықтар бар. Қазір өңірде комиссия құрылып, өтініштер қабылдана бастады. Қаржы Ұлттық экономика министрлігі бекіткен ереже бойынша төленеді. Соңғы мәлімет бойынша, шығын көлемі 1 млрд, 483 миллион 900 мың теңге. Алайда, бұл сан бағалаушылардың қорытындысынан кейін өзгеруі мүмкін. Аудандардағы 30 кәсіпкерден арыз түскен. Мәселен, Әйтеке би ауданындағы серіктестіктердің бірінде тұқымдық 80 тонна бидай су астында қалды.

Алмас Салықбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы: 
Бағалаушыға жұмсаған қаржыны төлеп береміз міндетті түрде. Екінші, тауарлық-материалдық, кәсіпті жүргізуге көмек беретін құрал-жабдықтар, ерекшелігі салық органдарына сол кәсіпкердің айналымы бойынша өтеп береміз. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу