Қазақстандықтар шетел валютасында ақша сақтауды қойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар шетел валютасында ақша сақтауды қойған

20.05.2024

Ал қазақстандықтар өз қаражатын еуро және АҚШ долларымен сақтауды біршама азайтқан. Ұлттық банктің дерегінше, еліміздің депозит қорында 34 трлн теңгеден астам қаражат бар. Оның 26,6 трлн теңгесі ұлттық валютамен, 7,7 трлн теңгесі шетел валютасымен сақталған. Статистикаға сенсек, теңгеге сенім артатындар былтырғыға қарағанда 24 пайызға артып, жинағын шетел валютасында сақтайтындар керісінше 13,5 пайызға азайған. Бизнес иелері де банктегі ақшасын ұлттық валютамен ұстайтын болған.

 Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу