10 мыңнан астам мопедші жол ережесін бұзған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 мыңнан астам мопедші жол ережесін бұзған

20.05.2024

Ал мопед жүргізушілері арасында жол ережесін бұзатындар азаймай тұр. Жыл басынан бері 10 мыңнан астам мопедшіге айыппұл салынған. Ішкі істер органдарының мәліметінше, көбі жылдамдықты асырып, тыйым салған жолға қарай шығып кеткені үшін жауапқа тартылған. Олар 7 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін айыппұл төледі. Жол ережесін бұзғандардың көбі – алматылықтар. Мегаполисте 7 жарым мың адам жауапқа тартылды.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу