Елімізде жатыр мойны обыры қатерлі ісігі ауруы асқынып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау санитариялық-эпидемологиялық бақылау комитетінің дерегінше, Қазақстан қауіпті ауруды жұқтырғандар арасында 5-ші орында. Дегенмен, дәрігерлер қатерлі ісіктің алдын алуға болатынын тіпті айығып кету мүмкін екенін айтады.
Елімізде жатыр мойны обыры дерті дендеп барады. Мамандардың сөзінше, жылына шамамен 2000-нан астам әйелге осы диагноз қойылса, 300-ге жуығы қатерлі ісіктен көз жұмады. Алматылық Ирина Васильевна еш жері ауырмаса да, жыл басында анализ тапсырған. Қамсыз жүрген келіншек тексерістен кейін өзінің қатерлі ісікпен ауыратынын білген. Айтуынша, бұл індеттің ешбір симптомы болмапты.
Ирина Васильевна, қала тұрғыны:
Менде симптомдар болған жоқ. Мені ақпан айында скринингке шақырып еді, сол жерден осы диагноз анықталды. Содан кейін мені операцияға жіберді. Операциядан кейін қазір мені осы жерге жіберді. Қазір химия терапияны алып жатырмын.
Келіншек үздіксіз емделсе, жағдайы оңалады дейді дәрігерлер. Сондықтан 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда бір рет онкоскринингтен өтуі тиіс.
Толқын Садықова, дәрігер- онкогинеколог:
Дерттің алдын алу үшін әйел адамдар жылына бір рет гинеколог дәрігеріне қаралып тұру керек. Скринингтен өтіп тұру керек. Біздің елде скрининг тегін жүргізіледі. Жас ерекшеліктері 40-45 жас аралығындағы әйел адамдар жиі ауырады.
Сондай-ақ қауіпті дерт адам папиллома вирусы арқылы пайда болатындықтан, вакцина арқылы алдын алуға болады, дейді мамандар. Биыл жаңа оқу жылынан бастап, ата-анасының келісімімен 11 жастан асқан жасөспірім қыздарға жатыр мойны обырына қарсы вакцина тегін салынады.
Аида Шакирова, Ұлттық ғылыми онкология орталығы онкогинекология секторының аға ординаторы:
Эфир жас ерекшеліктері енді жатыр мойны обыры біздің елде әлі көп кездеседі. 40-45 шамасында әйел адамдар жиі ауырады. Біздің елде 1800-2000 жуық адам ауырады. Жыл сайын өзеріп тұрады. Осы шамада.
Мамандардың сөзінше, бұл патология 40 пен 50 жас аралығында байқалады. Алайда, соңғы жылдары 35 жасқа дейінгі қыз-келіншектерге де дигноз жиі қойылатын болған. Бұған уақытылы скринигтен өтпей, емді кешіктіріп алу себеп дейді.
Динара Жарқынбек