Түркияда «Ақ Ләйлек» драмасы сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда «Ақ Ләйлек» драмасы сахналанды

20.05.2024

Түркия астанасы Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевтың «Ақ Ләйлек» драмасы қойылды. Шығарманы Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының өнерпаздары сахналады. Спектакль желісі жетім қыздың қиын тағдыры арқылы өріледі. Науқас әжесімен арадағы диалогқа негізделген қойылым қоғамдағы ащы шындықты бейнелей отырып, терең ой салады. Қазақ тіліндегі спектакльді көруге келген жергілікті көрермен өнерпаздарға зор қошемет көрсетті.

 Бүлент Араслы, көрермен:

Қойылымнан ерекше әсермен шықтым. Спектакль қазақ тілінде болғанымен әртістердің шеберліктері арқасында барлық сөздерді түсініп отырдым. Бүгінгі қоғамның түйткілді мәселелерін көтерген өте маңызды спектакль болды.

Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы, қоюшы режиссер:

Спектакль өткен жылы ғана Түркістанда өткен «Raiymbek Fest I» деген фестивальде ең үздік әйел бейнесін біздің жас қызымыз алды. Жанарды ойнаған. Бізде негізгі екі-ақ адам басты рөлде ойнайды. Сондан кейін екі кісі ғана қатысады эпизодқа.

Айдос Әшім


Хабарламаларға жазылу