Ертең «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталады

18.05.2024

Ертең «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы басталады. Биылғы 500 шақырымдық жорық, Павлодар – Астана бағыты бойынша өтеді. Оған/ еліміздің әр өңірінен 19 команда қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалар бес күн бойы күніне 100 шақырым жол жүріп өтуі тиіс. Әр 50 шақырым сайын/ демалуға мүмкіндік беріледі. Жылқылардың жағдайын тәжірибелі ветеринарлар бақылайды. Кең ауқымды республикалық шара, көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналмақ.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу