Астанада «Run for autism» қайырымдылық жарысына 2 мыңнан астам адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Run for autism» қайырымдылық жарысына 2 мыңнан астам адам қатысты

18.05.2024

Астанада «Run for Autism» қайырымдылық жарысында жаңа рекорд орнатылды. Елдегі аутизм мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткен шараға әр түрлі қашықтық бойынша 2 334 адам қатысты. Былтыр марафонға қатысушылар екі есе аз, 1 100 ғана әуесқой спортшы қатысқан еді. Жүгірісті қолдауға Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен 5 шақырымда арнайы қатысты. Айта кетейік, 2000 жылы елімізде 150 баланың ішінен 1 бала аутизмге душар болса, қазіргі таңда 54 баланың ішінен 1 аутизмге душар болған. Сондықтан бұл қазіргі таңда өте өзекті мәселе болып тұр дейді шара ұйымдастырушылары.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу