Қостанайда жаңадан 9 үй салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жаңадан 9 үй салынады

18.05.2024

Қостанай қаласында тасқын кезінде 174 үйге су кірген. Оның 96-сы қалпына келтіруге жарамайды. 53 отбасының саяжайдағы жалғыз баспанасын су басқан, оның 2-уі жөндеуге келмейді. Облыс орталығында тасқыннан зардап шеккен 2 мыңға тарта адамға 638 млн теңге көлемінде бір реттік көмек берілді. Бүлінген тұрмыстық техникасы үшін 60 отбасы 20 млн теңге өтемақы алған. Шығынды есептеп, өтемақы төлеу жұмысы әлі жүріп жатыр. Үйі тұруға жарамсыз тұрғындар жуық арада баспанамен қамтылады.

Алмат Исмағұлов, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:

73 адам басқа үй алуға келісті. 9 отбасына Қонай шағын ауданынан жаңа үй салынады.13 адам техникалық тексеру қортындысымен келіспеді. Олардың үйі қайта тексеріледі. Ал алдыңға 73 адамның 42-сі сатып алатын үйді тапты, қазір рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 7 адам барлық құжаттарын рәсімдеп жаңа үйлеріне қоныстанып үлгерді.


Хабарламаларға жазылу