Жезқазғанда инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

17.05.2024

Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды. Енді қарқынды түрде дамып келе жатқан қаланың Батыс ауданына жаңадан кәріз желілері, магистральды су және жылу құбырлары салынады. Қазір осы аймақтағы шағын аудандарда тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. 1200 орынға арналған мектеп те салына бастады. Тұрғын үй-коммуналдық секторды сауықтыру бойынша кешенді жұмыс республиканың барлық өңірінде жүргізілуде және Үкіметің тікелей бақылауында.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу