«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: 5845 адам шотындағы қаражатты шешіп алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы: 5845 адам шотындағы қаражатты шешіп алған

16.05.2024

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылғалы бері 5845 адам өз шотындағы қаражатты шешіп алған. Кәмілет жасқа толған қазақстандықтар шамамен 585 мың долларын пайдаланылып үлгеріпті. Оның ішінде 2 600 азамат тұрғын үй жағдайын жақсартса, 3200 адам оқу ақысын төлеген. Енді өңірлерге тоқталсақ. Шоттағы ақшасын шешіп үлгергендердің арасында Шымкент қаласы көш бастап тұр. Мұнда 526 адам баспана жағдайын жақсартуға, 584 адам оқуға ақысын төлеуге өтініш тастаған. Жамбыл және Жетісу облысының 18 жасқа толған тұрғындары да ақшасын білім алуға жұмсауды жөн көріпті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу