Астанадағы тергеу изоляторында отырған Гүлмира Сатыбалдының соты Алматыда өтетін болды. Мұны жәбірленуші тарап талап етті. Бұл туралы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен алдын ала тыңдалымда судья Мәртпек Кәкімжанов айтты.
Судья сот отырысы 30-шы мамырда ашық форматта өтеді деді. Гүлмира Сатыбалдыға кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру және аса ірі мөлшерде бопсалау бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы ретте айыпталушы алқабилердің қатысуымен сот өткізуді сұрауға құқылы. Алайда Гүлмира Сатыбалды алқабилерден бас тартты.
Айдана Қуантхан