Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада әдепсіздікке жол берген әртістерге айыппұл салмақшы. Арнайы қаулы әзірлеп оны қоғамдық талқылауға ұсынды. Егер өнер адамы мәдени іс-шара барысында көрермендер алдында ішімдік ішіп, есірткі немесе психотропты заттар қолданса олар жазаланады. Жеке тұлғаларға шамамен 554 мың теңге, ал заңды тұлғаларға 1 млн теңгеден асатын айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде жағдай қайталанса, жеке тұлғалар 738 400 теңге, заңды тұлғаларға 2,2 млн теңге төлеу міндеттелмек.
Аида Ахметбек