Өзбекстанда жалған дәрі дәрмек саудасы тиылмай тұр. Жуырда «Лоробен» препаратының жасанды көшірмесін шығарып, сатқандар анықталды. Сот кінәлілерге 60 миллион сум айыппұл салды. Заң бұзушылыққа жол берген 3830 тұлға әкімшілік, 1169 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың бірінші тоқсанында тұрғындардан тиісті департаментке 35 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 76 пайызы бойынша тексеру жүргізіліп, мәселе заңды түрде шешілген. Жалған кәсіпкерлерден 538 миллиард сумнан астам қаржы өндірілді. Айта кетейік, осының алдында Қырғыз елімен арадағы шекара арқылы жалпы құны 570 миллион сумға тарта биологиялық қоспаларды заңсыз алып өтпек болған күдіктілер ұсталған болатын.
Базаркүл Отыншиева