«Classic» радиосы: Сүндет Байғожин «Большая опера» жобасында Қазақстан намысын қорғайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Сүндет Байғожин «Большая опера» жобасында Қазақстан намысын қорғайды

11.10.2016
«Classic» радиосы: Сүндет Байғожин «Большая опера» жобасында Қазақстан намысын қорғайды

«Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин ресейлік «Культура» телеарнасындағы «Большая опера» жобасында ел намысын қорғайды. 

Телешоудың алғашқы шығарылымында әнші қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жобада жеті елден келген іріктеу кезеңінен өткен 12 өнерпаз бақ сынауда. 

Сүндет Байғожин - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ Ұлттық музыка академиясының түлегі. Біршама музыкалық байқаулардың жеңімпазы, 2013 жылдан бері - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі. 

classicfm.kz

 

Хабарламаларға жазылу