Телефон алаяқтары тағы бір әдіспен жұртты айласына түсіріп жатыр. Полицейлердің хабарлуынша енді олар байланыс операторы болып хабарласады. Жақында SIM-картаның мерзімі бітетінін айтып, оны онлайн ұзарту үшін SMS-пен келген кодты сұрайды. Кодты білген алаяқ, SIM картаның көшірмесін жасап, телефон нөмірі арқылы түрлі қаржылық операцияларды жасайды. Тәртіп сақшыларының айтуынша қазір ондаған адам осылай деп арызданған. Ал былтыр алаяқтар ел азаматтарына 100 миллиард теңгеге залал келтірген.
Досжан Маратұлы