Депутаттар ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауды ұсынды

15.05.2024

Қымбатшылықтан болар бүгін депутаттар еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейін қайта қарауды ұсынды. Айтуларынша оның мөлшері 43 мың теңге. Бұл тым аз. Тіпті күнкөріс деңгейін анықтау әдістемесі де стандартқа сай емес дейді депутаттар. Азық-түлік себетін де қайта қарап, ондағы тауар көлемін 43-тен 64-ке көбейту қажет дейді. Олардың айтуынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 115 мың теңгенің шамасында болуы тиіс. Сонда зейнетақы мен түрлі жәрдемақылардың көлемі де арта түспек. Өткені олардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептелетіні белгілі.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу