Солтүстік Қазақстанда әкімнің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда әкімнің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

15.05.2024

Солтүстік Қазақстанда Тайынша ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жөніндегі актілерге кедергісіз қол қою үшін қомақты ақша алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған іске қатысы бар күдіктілердің барлығын ұстады.

Айдос Жүнісов, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Аудан әкімінің орынбасары қазір қамауға алынды. Бөлім басшысы үй қамауында. Пара беруші аталған жұмысты жасаған мердігер компанияның жетекшісі ол кісі де қамауға алынып, «пара беру» дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу