Мемлекеттік инспекторлар арнайы тексеріс жүргізіп, жұмыс берушілердің 1,5 млрд теңге қарызы барын анықтады. Бас-аяғы 9 700 қызметкер жалақысын алмаған. Бұл кәсіпорындардың басшыларына 123 нұсқама беріліп, 14 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Нәтижесінде 7 700 адамның құқығы қорғалды. Оларға 969 млн теңге төленді.
Айя Мүтәлі