Солтүстік Қазақстан облысында қарғын су кірген 1400 үй бағаланып, 200-і тұруға жарамсыз деп танылды.
Қазір табиғи апаттың салдарын жоюға бағытталған жұмыс жүріп жатыр. Өңірде 4 мыңға жуық баспананы су басып, 14 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Олардың 9 мыңы өз шаңырақтарына оралды. Бүлінген үйлер қалыпқа келтірілуде. 100-ден астам механикалық бригада жасақталды. Олар Петропавл қаласының Заречный кенті, Ойқала, «Былғары зауыты» шағын аудандары мен Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное және Тепличное ауылдарында жұмыс істеп жатыр.
Тимур Әбдіреш, СҚО әкімінің баспасөз хатшысы:Әлі 68 үй суда тұр. Бағадау жұмыстары әлі де жалғасуда. 13 аудан бар. Солардан 5 бригададан келді. Оның ішінде құрылыс мамандары бар. Әрбір шағын ауданда 4 ауданнан белгіленді. Олар қалпына келтіру, үйлерді жөндеу бойынша жұмыс атқаруда.