Елімізде өрт қаупі жоғары маусым басталды. Мамыр-маусымда аптап ыстық болады деген болжам бар. Сондықтан сала мамандары тілсіз жаудың алдын алу қамына кірісті. Қосымша жаңа техникалар алынып, қауіпті аймақтар әуеден бақыланып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық аймағында өртке қарсы бақылау жұмыстары күшейтілді.
Елдос Зияда, ҚР Төтенше жағдайлар министрлі өртке қарсы комитетінің бас маманы:
Алдыңғы жылы 2023 жылды алғанда бізде ҚР аумағында 11000-нан аса өрт тіркелген. Соның 810 өрті ол орман қорындағы өрттер болып келеді. Қазір республика аумағында 600-ден астам топ бар. Оның ішіне 3000-нан астам адам кіреді. Қазіргі таңның өзінде ол топтармен 900-ден аса рейдтік іс-шаралар жүргізілген.
«Қазгидрометтің» болжамынша, биылғы жаз айтарлықтай ыстық болады. Тіпті, соңғы 20 жылда болмаған аптап ыстық қайталануы мүмкін деген болжам бар.
Алина Исмағұлова, «Қазгидромет» РМК баспсөз хатшысы:
Биыл мамыр мен жазға арналған консультативті ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанады. Тағы бақыланады. Қауіп төнген жағдайда ескерту жарияланады.
2023-2027 жылдары өртке қарсы күрес шараларына бюджеттен 68 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Былтыр оның 13 млрды жұмсалса, биыл 5 млрд теңгесі жаратылады. Бұл қаражатқа 108 өрт сөндіру көлігі, 79 шағын орман өрт сөндіру кешенін салу, 37 трактор сатып алу жоспарланған. Экология министрлігінің ақпаратынша, биыл елімізде алғаш рет қауіпті аймақтарды әуеден бақылау жұмыстары жүзеге асырылады.
Әнуарбек Бермағамбетов, ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы:
Енді бұл жерде нақты қазір мына өрт маусымының алдында барлық комитеттің облыста орналасқан аумақтағы экспедиция мен барлық орман егушілер тексерілді. Ол да 158 орман егушілер тексерілді. Енді нақты айтсақ, әрине мәселе бар. Өрт сөндіру қызметкерлері жетіспейді. Қазір Ақмола облысы бойынша жетіспейді және Қостанай облысы бойынша жетпейді қызметкерлер.
Мамандар жұртшылыққа демалыс орындарында от тұтандырмауға кеңес береді. Тәртіп бұзған азаматтарға айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын да ескертті. Салғырттық салдарынан өрт шығып, ол үлкен шығын әкелсе, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.
Динара Жарқынбек