Ақтауда 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

14.05.2024

Ақтауда 6 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Олар құрылыс талаптарын өрескел бұзған. Былтыр құзырлы мемлекеттік орган сотқа 35 талап-арыз беріп, соның 33-і қанағаттандырылды. Сөйтіп, 5 ғимарат сүрілді. Қалған нысандар да сот шешімімен бұзылатын болды. Құрылыспен айналысатын тағы 5 мекеме лицензиясынан өз еркімен бас тартқан. Техникалық қадағалаушы мекемелерге қатысты да заңбұзушылықтар анықталып отыр.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу